Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз (2)

Заманауи медицина ғалымдарының енді ғана ашып жатқан зерттеулері мұсылманға жаңалық емес. Пайғамбарымыз ораза ұстаудың, орынды тамақтанудың пайдасын 14 ғасыр бұрын айтып кеткен. Дұрыс тамақтану деп пайғамбарымыздың мына бір хадисіне жүгінеміз «Адам баласы үшін аз тамақтану да жеткілікті. Асқазанның үштен бірін тамаққа, екіншісін су, ал қалған бөлігін ауаға қалдырсын».

            Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Хадис шәрифте «Ораза тұту арқылы денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған. Ораза – бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің демалуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.

            Адамдарда өте жиі кездесетін індет – асқазан және ішек аурулары. Ал бұл жағдай семіру, жүрек және тамыр ауруларына, қант диабетіне және қан қысымының жоғарылауына себеп болуда. Ораза бүкіл бұл аурулардың алдын алушысы болумен қатар емнің көзі болып табылады. Бүгін көптеген аурулардан құтылу үшін диета сақтау керектігін дәрігерлер білдіруде.

Ораза тұтқан кісінің жүйке жүйесі де жеңілдейді. Ораза тұтудай бір ғибадатты орындаудың адамға беретін позитифті энергиясы, қуанышы адамдағы стресс және мұңды азайтады, жоқ қылады. Сонымен қатар ораза хазреті Мұхаммед Бақи-биллаһтың айтқанындай:

            «Ораза тұту Аллаһу та’аланың сипатымен сипаттану деген сөз. Өйткені Аллаһу та’ала ішпейді, жемейді, ішіп-жеуге мұқтаж емес».