Untitled Document

Мәлімет... Тұңғыштар

  • Алғашқы қазақ ханы – Керей хан Болатұлы (1465 жыл). 
  • Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолы», Қасым хан Жәнібекұлы.
  • Азия мен Еуропаны аралаған алғашқы саяхатшы – Қазыбек бек Тауасарұлы.
  • Қазақ даласындағы алғашқы көтеріліс басшысы – Сырым батыр Датұлы (1783 жыл).
  • Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет – «Түркістан уәлаяты» газеті (1870 жыл).
  • Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы – Абай Құнанбайұлы.
  • Алғашқы мұғалім – Ыбырай Алтынсарин.
  • Бірінші зерттеуші-ғалым – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.
  • Қазақ тіліндегі тұңғыш роман – «Бақытсыз Жамал», Міржақып Дулатұлы (1910 жыл).
  • Тұңғыш қазақ әліппесінің авторы – Ахмет Байтұрсынұлы (1912 жыл).
  • Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ – Талғат Бигелдинов.
  • Алғашқы қазақ дәрігері – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы.
  • Алғашқы кәсіби ұшқыш – Жақыпбек Малдыбаев.
  • Бірінші режиссер – Жұмат Шанин.
  • Құрметіне ғылыми нысанға есімі берілген алғашқы ғалым – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
  • Тұңғыш кәсіби суретші – Әбілхан Қастеев.
  • Тұңғыш әлем чемпионы – Қажымұқан Мұнайтпасұлы (1909 жыл).
  • Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ – Ғұсман Қосанов (Рим (Италия), 1960 жыл).
  • Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ – Жақсылық Үшкемпіров (күрес, Мәскеу (Ресей), 1980 жыл).

Тұңғыш қазақ ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров (1991 жыл).