Рамазан сұхбаты... Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар (2)
Сұрақ: Аузы берік екендігін ұмытып ішіп-жесе ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылмайды, есіне түскенде тоқтатуы керек.
Сұрақ: Ауыздағы түкірікті, қақырықты жұту оразаны бұзады ма?
Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.
Сұрақ: Дәрет алғанда немесе ауызды шайғанда қалған ылғалды жұту оразаны бұза ма?
Жауап: Ауызды шайғаннан кейін ауызда қалған ылғалды түкірікпен жұту оразаны бұзбайды.
Сұрақ: Сәре тамағын жеп болып, имсак уақытына жақын тісімді тіс пастасымен жуамын. Аузымды қанша шайғанмен дәмі аузымда сезіледі, бұл жағдай оразаны бұза ма?
Жауап: Бұзбайды.
Сұрақ: Душқа түскенде құлаққа су кірсе ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Құлаққа дәрі тамызу оразаны бұза ма?
Жауап: Иә, бұзады.
Сұрақ: Ораза кезінде дәрет алғанда ауызға, мұрынға суды аз алуға бола ма?
Жауап: Иә, болады.
Сұрақ: Гель, крем, дезодорант қолдану оразаны бұзады ма?
Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.
Сұрақ: Ораза кезінде құлағым суықтап құлық ағуы оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды. Оразада көбіне денеден шыққан нәрселер оразаны бұзбайды. Мәселен қан алдыру оразаны бұзбайды. Бірақ өз қалауымен ауыз толтырып құсатын болса ораза бұзылады. Оразаны көбінесе денеге кірген нәрселер бұзады, мәселен укол салдыру оразаны бұзады.