Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Дүмшелер оразаны «бұзады» (1)

Сұрақ: Кейбір білгіштер «жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар» деген хадис шәрифті өздерінше былай түсіндіріп жүр: «Дәрет алғанда ауызға кірген су оразаны бұзбағаны сияқты, ауызға себілетін бүріккіш (спрей) де оразаны бұзбайды. Мұрындағы тамшы тамаққа барса оразаны бұзбайды. Инемен (укол) немесе телу жасату (прививка) арқылы дәрі қабылдау, клизма жасату, вагинадан свечка қолдану, дәріні тілдің астына қойып сору және құлаққа тамызатын май – оразаны бұзбайды». Дін реформистерінің бұл айтқандары қате емес пе?

Жауап: Әрине қате. Мұның барлығы төрт мазһабта да оразаны бұзады. Фиқһ кітаптарында оразаны бұзып, кафарат (жаза) керек ететін жағдайлар айтылғанда: «тамақ немесе дәрі-дәрмектен саналатын кез-келген нәрсені жұту» деп аталып көрсетілген. Құм, топырақ, металл сияқты нәрселер, яғни тамақ пен дәріге жатпайтындарды жеу оразаны бұзса да, кафаратты қажет етпейді. (Радд-үл-мухтар)

Тамақ пен дәрі-дәрмектен саналатын нәрселердің инемен (шприц) егу арқылы ағзаға енуі кафарат жасауды керек етпейді, тек қазасын ұстау керек болады. Мысалы: жараның бетіне жағылған май сіңіп кететін болса ораза бұзылады, бірақ кафарат өтеуді керек етпейді. Астма ауруымен ауыратындардың тамаққа себетін бүріккіштерінің (спрей) құрамында дәрі болғандықтан оразаны бұзады. Ауызға кіріп жұтылған нәрсенің аз немесе көп болуының маңызы жоқ. Бір тамшы дәрі немесе бір тамшы су адамның өз қалауымен жұтылса, оразаны бұзып қана қоймай, кафарат жасауды да керек етеді. Дәрет алып жатқанда байқаусызда жұтылса, әдейі жасамағаны үшін кафарат жасауды керек етпейді.

 (Жалғасы ертең...)