Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Тарауих намазы

Тарауих намазы еркектерге де, әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннеті мен үтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге үтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес, нәпiл намаз болады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.

Тарауих намазы қалай оқылады?

Үтір намазы Рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. Тарауих намазын екi рәкатта бір сәлем беріп және әрбiр төрт рәкатта бір тәсбих айтып оқу мустаһаб. Төрт рәкатта бір сәлем беріп оқыса да болады. Қазасы бар болғандар бос уақытында бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына қаза оқып қарыздарын ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих намазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде тарауих намазын оқуы күнә болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сауабынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның сауабы жалғыз оқығаннан  жиырма жетi есе көп болады. Әрбiр ифтитах тәкбiрiнде ниет еткен жақсы. Құптан намазын жамағатпен оқымаған кісілер тарауих намазын да жамағатпен оқи алмайды. Құптанды жамағатпен оқи алмаған кісі парызды жалғыз оқып, кейін тарауихті жамағатпен оқи алады.