Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік

Бақыт айы, мейірім айы, кешірім айы болған қасиетті Рамазан айы басталды...

Бәрімізді қасиетті Рамазан айының шапағаты мен берекесіне қауышқан, Рамазан айында кешірілген және тозақтан азат етілген пенделерінен етуін Хақ та’аладан тілейміз.

Дін бауырларымызға қайырлы өмір, жақсы мінез-құлық, сәлим ақыл, зор денсаулық, берік иман, тура жол және рушду хидаят нәсіп етуін Раббымыздан тілейміз.

Бұл айда әр түні тозаққа түсетін мыңдаған мұсылмандар кешіріледі, азат болады. Бұл айда жаннат есіктері ашылады. Тозақ есіктері жабылады. Шайтандар шынжырлармен байланады. Рахмет (мейірім) есіктері ашылады. Аллаһу та’ала бұл қасиетті айда Оның мәртебесіне лайықты түрде құлшылық етуді және Раббымыздың разы болған, ұнатқан жолымен жүруімізді бәрімізге нәсіп етсін! Амин.

(Ораза тұту қиын болған жерлерде ораза тұтқандарға және дін дұшпандарының өтіріктеріне алданбай оразаларын бұзбағандарға өте көп сауап беріледі. Рамазан шәриф айы ислам дінінің намысы. Бұл айда күндіз ашықша, адамдардың көзінше ішіп-жеген адам бұл айға құрмет етпеген болады. Бұл айға құрмет етпеген адам исламның намыс пердесін жыртқан болады. Намаз оқымайтын адамның да ораза тұтуы және харамдардан сақтануы керек. Олардың оразасы қабыл болады және имандарының бар екендігі аңғарылады).

Қадір түні жаңғақтың іші сияқты. Ал Рамазан айы қабығы сияқты. Сондықтан кімде-кім бұл айды құрметпен, жақсы өткізіп, бұл айдың жақсылықтарына, берекесіне қауышса, бүкіл бір жылы жақсы өтіп, қайырлы және берекелі болады.

Аллаһу та’ала бәрімізді осы мүбәрәк айдың жақсылықтарына, берекесіне қауыштырсын. Әрбірімізге бұдан үлкен үлес берсін!