Рамазан сұхбаты ... Оразаны бұзатын нәрселер
- Қателесіп бұзу.
- Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.
- Қинап бұздыру.
- Мұрынға сұйық дәрі құю.
- Мұрнына иіссу тарту (иіскеу бұзбайды).
- Мұқим кезде (сапарға шықпай тұрып) бастаған оразасын сапарда бұзу.
- Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу.
- Құлақтың ішіне дәрі тамызу.
- Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.
- Денеге инемен (укол) дәрі егу.
- Өз қалауымен өзін қинап ауыз толтырып құсу.
- Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған кезде аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.
- Сәре уақытының біткенін білмей ішіп-жеу.
- Күн батты деп ойлап ауыз ашып жіберу.
- Тістің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.
- Ауырған тісін укол салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан ішіп-жесе, тек қаза етуі керек.
- Дәрет алғанда тамағына су кетіп қалу.
- Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш секілді дәрі және азық болмайтын нәрсені жұту.
- Ораза тұтып ұйықтап жатқан кісінің аузына біреу су құйса, бұзылады.
- Ораза екенін ұмытып жеген кезде «ораза бұзылды» деп біле тұра жеуді жалғастыру.
- Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етіп ораза тұтуды бастаған соң түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.
Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күн үшін бір күн қаза етеді.