Қалай ораза тұтамыз? Құрметті оқырман!
Ораза айының жақындауына байланысты күнтізбемізді қалай пайдалану керектігі жөнінде екі ауыз тоқталып кетейік. Ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Яғни «Имсак» сағаты сол күннің ауыз бекіту уақытын көрсетеді. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішуге болады. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 20 минут өткен соң басталады. Ауызашар немесе ифтар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттармен көрсетілген. Демек, ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.
Сұхбат...Оразаның пайдалары
1- Тозаққа қалқан.
2- Басқа ғибадаттардың қабыл болуына себепші.
3- Дененің зікірі.
4- Тәкаппарлықты сындырады.
5- Ужбты сындырады.
6- Ықыласты арттырады.
7- Сауапты көбейтеді.
8- Аллаһу та’ала ол құлынан разы болады.
9- Иманмен қайтыс болса, жәннатқа ерте кіруіне себеп болады.
10- Көңіл мен ақылды нұрландырады.