Бала тәрбиесі... Аю тәрбиешісі мен бала (1)
Шағын қалада анасы мен баласы тұратын еді. Көптеген аналар секілді ол да баласына жақсы тәрбие беріп, оның болашаққа дайын, бәсекеге қабілетті болуы үшін барын салып-бақты. Дегенмен баласының жасы өсе келе оған сөзін өткізу қиындай түсті. Арасындағы талас-тартыс та көбеюде. Анасы баласына «шулама, киімдеріңді жина, сабағыңды оқы» деп қанша айтса да, баласы тыңдамайтын болды.
Бір күні баласын мектепке апарып келе жатқанда, жолдың бойында дауылпаз ойнап аюды билетіп отырған бір адамды көреді. Іштей «мен балама сөзімді өткізе алмай жүргенде, мына кісі аюды бағындырып алыпты» деген ой келеді. Сосын анасы әлгі кісіге жақындап амандасты да:
- Маған мына өнеріңіздің құпиясын ашыңызшы, – дейді.
- Оны қайтпексіз?
- Сіз аюдың өзіне «өнер» үйретіпсіз, ал мен бір балама сөзімді өткізе алмай әбден шаршадым, – дейді.
- Мен сізге бір оңай жолын айтайын. Сіз одан да балаңызды маған бір апта сабақтан кейін жіберіп тұрыңыз, мен тәрбиелеп берейін, – дейді.
Анасы қуанып сөзін мақұлдап баласын аю тәрбиешісіне жіберіп тұрады. Үш-төрт күн өткенде баласының өзгергенін байқай бастайды. Бір аптадан соң баласы түбейгейлі өзгеріп басқа адам болып шыға келеді. Анасының айтқандарын екі етпей орындап жүреді. Мектептегі мұғалімі де таң қалады. Алайда арада он күн өткенде мұғалімі анасын мектепке шақыртады. Мұғалімі:
- Балаңызға не болғанын түсінбедім, түсініксіз әрекеттер жасайтынды шығарды.
- Не істеп жүр сонда?
- Бұрын сабағын оқымаса да өзімен өзі тыныш отыратын. Ал қазір балалардың мазасын алатын болды. Басқалардың заттарын рұқсатсыз алады, – дейді.
Жалғасы ертең...