Untitled Document

Жалғасы... Жаңа туылған сәбиге жасалатын діни міндет (2)

3) Баланың есімін білімді, салих (діндар) кісіге қойғызу керек. Сахабалар балаларының есімін пайғамбарымызға қойғызуды жөн көретін. Балаға есім бергенде туыстар арасындағы жасы үлкен немесе білімі көп біреуі баланы жастық секілді жұмсақ бір нәрсенің үстіне жатқызып, құшағына алады. Дәретті болып, құбылаға қарап, түрегеп тұрып оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтады. Кейін есімін үш рет қайталап айтқан жақсы. Осы кезде баланың аузына тәтті жағу жақсы болады.

4) Балаға есім қойған соң салих азамат болуын және дінге қызмет етуін тілеп дұға ету керек.

5) Жаңа туылған балаға арнап, мүмкіндік болса «Ақиқа» қойын сою керек. Ақиқа оны ауру-сырқаулардан және бәле-жаладан қорғайды.

6) Баланы алты айдай анасының сүтімен азықтандыру жеткілікті. Бала тамағын жей алатын шаққа дейін емізу уәжіп, екі жасқа дейін емізу мүстаһаб, ал екі жарым жасқа дейін емізу рұқсат. Одан кейін емізу күнә болады.

 

Баланы қалай тәрбиелеу керек

Сұрақ: Балаларымызды қалай тәрбиелеуіміз керек? Тәрбиеде нендей нәрселерге мән беруіміз керек?

Жауап: Тәрбиеде «былай істе, мұны істеме» деудің орнына жүріс-тұрысымызбен балаға үлгі болуымыз керек. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді.