Untitled Document

Сұхбат... Салман Фариси

Салман Фариси хазрет Асхаби кирамның ұлыларынан және әйгілілерінен. Әһли бәйттен саналған. Адамдарды Хаққа шақырған, дұрыс жолды көрсетіп, бақытқа қауыштырған және Силсилә-и алийа деп аталатын ұлы ғалым және әулиелердің екіншісі. Хандек соғысынан бастап бүкіл соғыстарға қатысты. Хандек соғысындағы қайсарлығы мен қызметінің себебімен сүйікті пайғамбарымыз оған «Салман-ул Хайр», яғни «Қайырлы Салман» деген. Салман Фариси хазрет дүниелікке еш мән бермейтін еді. Өзіне келген барлық дүниелік мал-мүлікті Аллаһ разылығы үшін тарататын еді. Түрегеп тұра алмайтын жағдайға келгенге дейін намаз оқып, денесі шаршаған кезде отырып, тілімен зікір ететін еді. Біраз демалғаннан соң «Ей, нәпсім, сен жақсылап демалып алдың. Енді тұр, Аллаһу та'алаға ғибадат жаса», ал тіліне «Ей, тілім, сен де Аллаһу та'аланы зікір етуді баста» дейтін еді. Хазреті Әбу Бәкір дәуірінде Мәдинадан және хазреті Әбу Бәкірдің сұхбатынан бір сәтке де ажырамаған хазреті Салман хазреті Омар заманында Иранның жаулап алынуына қатысқан еді, ислам әскері үлкен жеңістерге жеткен осы жорықта өте маңызды қызметі тиген еді, ирандықтар жайында көп мәлімет білетін еді. Өйткені өзі де ирандық еді. Өте аз тамақтанатын. Бір күні бір дастархан басында көбірек жеуін табандылықпен сұрағандарға сүйікті пайғамбарымыздың: «Адамдардың ахиретте қатты аштық сезетіндері – дүниеде тойғанға дейін жейтіндер» деп айтқанын хабар берді.

Салман Фариси хазрет өлім аузында жатқан кезде жылады. Себебін сұрағандарға «Дүниеден айрылғаным үшін жылап жатқан жоқпын. Тек Расулуллаһ «Дүниеден айрылған кездеріңде жиғандарың бір жолаушының жол азығынан артық болмасын» деп бұйырған еді, міне осы себептен жылап жатырмын» деді. Алайда қайтыс болған кезінде қалдырған мүлкінің құны он дирхам айналасында еді.