Сұхбат... Имам Ғазалидің насихаттары
● Көшені жиналып отыратын жер ретінде қолданба!
● Дүкендерді сұхбаттасатын жерге айналдырма!
● Пікір таласуда өзіңдікін дұрыс шығару үшін қыңырлық көрсетпе!
● Әдепсіз, тәрбиесіз және тәртіпсіз адамдармен таласып-тартыспа!
● Бір нәрсені немесе бір адамды мақтаған кезде асырып жіберме!
● Бір жиында отырғаныңда басқа нәрселермен әуре болма!
● Бір жиында отырғаныңда үсті-басыңның бір жерімен ойнама!
● Ел көзінде абыройыңды түсіретін сөз және әрекеттерден ұзақ бол!
● Әдемі сөздерге мән беріп құлақ сал!
● Қажеттілігінен артық мөлшерде иіссу қолданба!
● Бірқатар армандарыңның орындалуы үшін басыңды име!
● Табысыңның нақты мөлшерін бала-шағаңнан сыр сақта!
● Біреумен сөз тартысқаныңда салмақтылық пен байсалдылығыңды жоғалтпа!
● Қатты қобалжып, бетің қызарып жүрмесін!
● Саған жаман мәміле көрсетілген болса да, сен лайықты мәміле көрсет.
● Әр уақытта қарапайым бол және жұмсақ мәміледе бол!
● Бай адамның бергендеріне қарсы бас июден сақ бол!
● Сөз берген болсаң, оны табандылықпен орындауға тырыс!
● Сөйлеген кезіңде тек қана шындықты сөйле!
● Барлық жерде орынды сөздер айт, әдемі сөйлеуге тырыс!
● Деннің саулығын сезінгің келсе аз ішіп-же!
● Тыңдаушың бар болса ғана сөйле!
● Кейбір сөздерді қайта-қайта айтып, қайталап тұрма!
● Ешкімді алдама және ешкімді мазақ етпе!
● Көпшілік жерлерде түкірме!
● Сатқан затыңды алған кісі ұнатпай, кері қайтаратын болса ал!
● Жалған сөйлеуден, өтірік айтудан аулақ бол, әдетке айналдырма!
● Қатты шөлдеген болсаң, алдымен аузыңды шай, кейін су іш!
● Базарда жүргеніңде ешкімді ренжітпе!
● Ешбір затты егесінің рұқсатынсыз алма да, қолданба да!
● Аузыңда тағам барда сөйлемеуге тырыс!