Untitled Document

Ғылым... Ең алғашқы телефон қалай пайда болды?

1873 жыл. АҚШ ғалымы Белл тәжірибе жасап жатқанда ойда жоқта тоқ жолы жалғанғанда не үзілгенде бұрандалы тоқ, сым орамынан болымсыз дыбыс шығатынын байқады. Ол: «Ауа жұқа пердені тербеп дыбыс шығарады екен. Олай болса, керісінше, жұқа перденің тербелісі арқылы адамның дауысын ұзаққа жеткізуге болар ма екен?» деген ойға келді.

Белл осы ойының жебеуімен телефонды зерттеуге кіріседі. Ол сонау ит арқасы қияннан Вашингтонға келіп мамандардан жөн-жосық көрсетуін өтінеді. Көп өтпей жас техник Ватсон да Беллдің зерттеу қызметіне атсалысады. Олар өздерінің тәжірибе орнында өмір сүреді. Бір жағынан жобалап,  бір жағынан жасап отырады. Тоқ сымды үйдің бір басынан келесі басына тартып, екі жағына қатысты аспаптар жалғап, бір-бірімен тілдеседі. Алайда, тәжірибе кезегінен сәтсіздікке ұшырайды.
            Осылайша, екі жыл өте шығады. 1875 жылы наурыздың 10 күні Белл мен Ватсон өздерінің тәжірибе жасайтын зертханаларында жаңа тілдесу сынағына дайындық жасап жатады. Осы кезде Белл абайсызда күкірт қышқылын үстіне төгіп алады да, ауырғаннан бар дауысымен «Ватсон!» деп айқайлап жібереді. Бұл дауыс тоқ сымы арқылы дереу Ватсонның қабылдағышына жетеді. Осылайша тілдесу сәтті болып екеуі айрықша қуанады.

Белл болымсыз дыбысты зерттеп, оны хабар алумен байланыстырып, адамзатқа игілік жасай білді. Осылайша алғашқы телефон пайда болды.