Untitled Document

Күннің тарихы... Ибраһим бин Әдхам

Бәлһ патшасының немесе қызының ұлы. Әкесінің аты Әдхам. Хазреті Омар әл-Фаруқтың ұрпағынан болады. Шамда Чәштия әулиелерінің ұлыларынан. 779 жылы қайтыс болды.

     Ибраһим бин Әдхам хазреттің ғасырлар бұрын айтқан алтын насихаттары:

  • Адамдар дүние жұмыстарымен әуре болғанда сендер ахирет жұмыстарына мән беріңдер! Мақсаттарың дүние болмасын.
  • Жүрегінде дүниеге деген сүйіспеншілігі бар адамның ғибадаттары ықыласты болмайды.
  • Адамдар үйлерін жайластыруға тырысқанда сендер қабірлеріңді жайластыруға мән беріңдер!
  • Адамдар сыртқы көріністерін көркендеуге тырысып жатқанда сендер ішкі дүниелеріңмен айналысыңдар!
  • Адамдардың көбі жұрттың мақтауын алуға тырысады. Адамдардың разы болуы оларға ең маңызды нәрсе. Сендер Раббыларыңның разылығын алуға тырысыңдар.
  • Арғы дүниеде таразыда ең ауыр басатын амал – мұнда жасалуы денеге ең қиын болғаны.
  • Ілімді онымен амал ету үшін үйреніңдер! Көп адам осы жерде жаңылысады. Ілімдері таудай үлкейгенімен амалдары тарыдай кішірейеді.
  • Азығын халал жолмен қамтамасыз ету үшін еңбек ету түндерді ғибадат етіп, күнде ораза тұтудан абзал. Өйткені барлық нәрсенің басы халал азық.

Қарызы бар адам қарызын төлемейінше майлы және сіркелі тағам жемеуі тиіс. (Яғни қарызды дереу қайтарудың маңыздылығын, қарызды қайтарғанға дейін қымбат тағамдар мен сәнді салтанатты өмірден алыстауды білдіруде).