Untitled Document

Күннің тарихы ... ІІ - АБДУЛХАМИД ХАН

Османлы мемлекеті сұлтандарының 34-сі және Ислам халифаларының 99-сі болған ІІ-Абдулхамид ханның дінімізді және кітабымызды балағаттауды жоспарлаушылармен күресінің бір мысалы;

Түркия республикасы Сыртқы істер министрлігінің архивінде 12 номірлі каталогтың 61-ші  бетіндегі TS-TI сериялы құжатта былай жазылған:

«Хазреті Мухаммедтің киелі атына қатысты сахналанған пьеса жайлы»

Францияның ІІ-республика дәуіріндегі президенті Сади Карноттың кезіндегі танымал француз жазушысы Маркиде Борнер «Мұхаммед» атты поэзиялық пьеса жазады (1888). Бұны 1890 жылы театрлардың бағдарламасына тіркеп, сахналық репетицияларын бастайды. Пьеса хазреті Мұхаммедті және Ислам дінін масқаралап жазылған болатын.

Мұндай масқаралық Стамбұлдағы сарайға жетіп, Абдулхамид хан естігенінде дереу іске араласып, бүкіл франция театрларында бұл пьесаның сахнаға шығуына тыйым салдырады. Жазушы көздегеніне Францияда жете алмаған соң пьесаны Англияда қоюды көздейді. Англияда аты шыққан Ирвич атты актермен келіседі. Пьесаны Лондонда Lyceum театрында сахнаға шығару дайындығына кіріседі. Бұл жолы да Абдулхамид хан араласып Англияда да пьесаның қойылуына кедергі болады.

Сұлтан ІІ-Абдулхамид хан 1841 жылы туылған. 1900 жылы халифаттың орталығы Стамбулдан Мәдина қаласына  дейін телеграф сымын орнатты. Мектеп, медресе, университет, лицей, кітапхана, аурухана, порт, медициналық жоғары оқу орны, фабрикалар, теміржол вокзалы, пошта, банкі сияқты екі жүз елуден астам зәулім ғимараттар құрдырған.  Израил мемлекетінің құрылуын кемінде 1 ғасырға кешіктірген кісі де дәл осы сұлтан болған. Өз дәурінде «Стамбул-Эскишехир-Анкара», «Эскишехир-Адана-Бағдат», «Адана-Дамаск-Мадина» темір жолдарын салдырған кезінде дүние жүзінде бұған тең келетін басқа темір жолы болмаған. Османлы мемлекетін отыз бір жыл әділетпен басқарып, 1918 жылы қайтыс болды.