Сұхбат... Хазреті Әбу Бәкірдің құнды насихаттары:
«Тақуалық – ақылмен орындалатын істердің ең жақсысы. Хаққа дұшпан болу – ақымақша жасалған істердің ең жаманы. Берілген аманатты сақтау ең үлкен дұрыстық саналады. Ал қиянат ретінде ең басында өтірік келеді».
«Өлімді өзіңе жақсы көргіз. Ол қалай болса да келеді».
«Өмірін пайдасыз, бос нәрселермен өткізген адам егістікке ұрық шашу уақытын өткізіп алған болады. Ал уақытылы ұрық екпеген адам егінді жинау уақытында өкінеді».
«Не сөйлейтініңе және қашан сөйлейтініңе мән бер!»
Әскери қолбасшыларды бір жерге жіберген кезде оларға:
«Әйелдерді өлтірмеңдер, балаларға, қарттарға тиіспеңдер, жеміс ағаштарын кеспеңдер, қолайлы жерлерді жоймаңдар, шектен аспаңдар, қорықпаңдар, азықтан басқа мақсатта қой мен түйе соймаңдар және монастырларына кіріп алған адамдарға зиян бермеңдер» деген бұйрықтар мен насихаттар беретін еді.
Бір хұтбасында былай деді:
«Ей, адамдар, Аллаһтан кешірім мен афиет сұраңдар. Өйткені мұсылманға Исламнан кейін кешірім мен афиеттен қайырлырақ ештеңе берілмеген».
«Мұсылмандардың ешбірі өзгені төмен көрмесін! Өйткені мұсылмандардың кішісі Аллаһтың жанында үлкен».
«Аллаһу та'аладан қиямет күні тозақ отынан қорғалуын сұраған адам мүминдердің алдында өте мейірімді және сезімтал болсын!»
Бір күні Асхаби кирамға қарап былай деді:
«Аллаһу та'ала сендерге әлемді жаулап алғызады, есіктерін ашады. Сендер қажеттіліктеріңнен артығын алмаңдар!»
«Біліп қой, таң намазын оқыған адам Аллаһтың қорғауында. Аллаһтың хаққын кішімсінбе, өйткені етбетіңмен сені тозаққа лақтырады».
«Аллаһу та'алаға деген таза сүйіспеншіліктің ләззатына жеткен адам дүниеліктен бастартады және бүкіл адамдардан бетін бұрады».
«Адамның сөзі – ақылының баяндалуы, қасиетінің аудармасы».