Сұхбат... Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ)
Әбу Бәкір Сыддық хазрет – пайғамбарлардан кейінгі адамдардың ең үстемі. Ашәра-и Мубәшшәраның, яғни жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның біріншісі. Пайғамбарымыздың (алейһиссалам) қайын атасы, хазреті Айшаның әкесі. Пайғамбарымыз қайтыс болған күні халифа болып сайланды. Халифалығы 2 жыл, 3 ай, 10 күн жалғасты. 63 жасында хижреттің 13 (григоряндық 634) жылы Жәмазиәл-ахир айының жетісінде, дүйсенбі күні ауырып, 15 күн науқастанып жатқаннан кейін қайтыс болды. Жаназа намазын хазреті Омар оқыды. Пайғамбарымыздың қабірі орналасқан Хужрә-и Саадәтте жерленді. Хазреті Әбу Бәкір Расулуллаһтың ең жақын досы еді. Одан ешқашан ажырамайтын. Олардың осы жақындығы Меккеден Мәдинаға көшу кезінде де жалғасты. Оған үңгірде де дос болды. Үңгірде үш күн өткізгеннен кейін екеуі бір түйеге мініп, жолға шықты. Мәдинаға жеткенге дейін Расулуллаһқа толығымен қызмет етті. Мәдинадағы мешіт соғылғанда Онымен бірге жұмыс істеді. Ешбір қызметтен, қайырымдылықтан тыс қалмады. Хазреті Әбу Бәкір Расулуллаһ алейһиссаламмен барлық соғыстарда бірге болған, бір ретінде әскер басқару міндеті оған берілген. Өте ауыр соғыстарда пайғамбарымызды қорғаған. Пайғамбарымыздың соңғы ауруында үш күн имам міндетін атқарып, он жеті уақыт намаз оқытқан, үш уақытында пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкірге ұйып, оның артында намаз оқыды. Хижри жыл санақтың 10-шы (григоряндық 632) жылы пайғамбарымыздың қайтыс болуымен Асхаби кирамның сөзбірлігімен халифа болып сайланды.
Ол әр ілімнің жетік маманы болған еді. Ислам ілімдерінің барлық мәселелерін білетін еді. Шынында Расулуллаһ Ол жайында «Кеудемдегі марифаттардың, мәліметтердің бәрін Әбу Бәкірдің кеудесіне ағыздым» деген.