Untitled Document

Ғибрат... Жаратқан да, өмірді берген де – Аллаһу та’ала

Мүлік Аллаһтікі. Үлкен, кіші барлық нәрсе Аллаһтікі. Әрбір жасуша, әрбір сәтте Аллаһқа мұқтаж. Адамдар барлық нәрселерді зерттеп зерделеуде. Өмірдің қайдан келгенін, қалай қалыптасқанын зерттеуде. Яғни, тек көріністегі себептерге ғана жүгінуде. Бірақ неліктен екен «Жаратқан да, тіршілік берген де Аллаһу та’ала» деп айта алмауда.

Бір күні бір діндар кісі жолында қойшыны көріп қалып: «Барып оған ислам дінін түсіндірейін» деп ойлайды. Қойшыға барып: «Аллаһ бар ма?» - деп сұрайды. Қойшы оған:

– Бауырым, тәубе деп айт. Сен өзің білімді адамға ұқсайсың. Мұндай сұрақты қалай ғана сұрадың? Мейлі сұраған екенсің, жауабын берейін. Аллаһ әлбетте бар.

– Жарайды онда қайдан білесің бар екенін?

– Көріп тұрғаныңдай мына жерде бір отар қой бар. Олардың басында бір қойшы болмаса, олар өздігінен бір жерде тұрмайды, тарап кетеді. Кейін ұрыларға немесе қасқырға жем болады. Енді сен мына әлемге қарашы! Ай бар, күн бар, жұлдыздар бар. Таулар, ағаштар, адамдар бар. Бұлар өздігінен пайда болып қалған жоқ. Міндетті түрде бұлардың бір жаратушысы, басқарушысы бар. Олардың барлығының басқарушысы Аллаһ.

– Ал Аллаһ дегеніміз өзі қандай?

– Сен мына қойлардың кез келгенінен қойшының қандай екенін сұрап көрші! Егер қой түсіндіре алса, мен де Аллаһты түсіндіріп берейін.

– Әрине қой қойшы туралы ештеңе білмейді ғой...

– Егер қой қарапайым бір қойшының қандай екенін білмесе, адам да Аллаһтың қандай екенін біле алмайды. Мен бұл қойлармен әрқашан біргемін. Олар мені көреді, мен де оларды көремін...