Untitled Document

Күннің тарихы ... Қасиетті үш ай басталды

Қасиетті үш айдың ішіндегі Ражаб (ережеп) айы бүгін басталды.  Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шабан айы егінді суару, ал рамазан болса, жемісті жинау айы».

Ражаб (ережеп) айы кешірім, шабан айы шапағат және рамазан айы сауаптардың еселеніп берілетін айы екендігі білдірілген. Бұл айларды құрметтеу керек. Ал құрметтеу күнәлардан аулақ болу және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның ақысын, сауабын, сияпатын көреді. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарға қауыша алу үшін ең алдымен сенімді, иманды түзеу керек. Ілімхал білімдерін үйреніп, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, күнәларымызға кешірім сұрау қажет. Қаза намаздарын оқуды бастаған жөн. Қарыздардан тезірек құтылуға тырысу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді». (Дәйләми)

«Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айын толық ораза ұстағандай сауап беріледі». (Мифтахул-жәннә)

«Шабан сондай құнды ай, адамдар одан ғафыл (хабарсыз) болады. Бұл айда амалдар әлемдердің Раббысына ұсынылады. Мен амалымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын». (Нәсаи)

«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында ұсталған ораза». (Тирмизи)