Untitled Document

Денсаулық.... Тіс тазалығы

Тісімізді күніне үш рет тазалап тұруымыз керек. Тіс пасталарының тіс күтімі турасында әсері көп болмағаны секілді тіс міндетті түрде сүттей ақ болуы керек деген де қағида жоқ.

Тіс щеткаларын таңдағанда орташа қаттылықты, оқшау қуыстарына жететін және міндетті түрде пластикалық щеткаларды қолданған жөн. Өйткені қылдан жасалған щеткалар доңыз немесе ат қылдарынан жасалады. Қылдар көп мөлшерде су сіңдіреді. Әрбір қыл талшығындағы саңылаулар бактериялардың көбеюіне өте қолайлы болып табылады.

Бір тіс щеткасымен бір адам қолдануы керек және 3-4 айда ауыстырып тұру қажет. Тіс тазалағанда тіс пастасымен тазалау мәжбүрлігі жоқ. Аз мөлшерде тұзбен немесе содамен де тазалауға болады. Пастамен қолданғанда ноқат мөлшеріндей ғана жеткілікті. Щеткамен тазалау еттен тіске қарай бағытталуы керек. Аузында тіс тастары бар адамдар көп кешіктірмей тіс дәрігеріне көрініп тазалатуы керек.

Ауыз және тіс күтімінде мисуак қолданудың да маңызы өте зор. Хош иістілігі және алып жүру қолайлығы жағынан да тиімді. Мисуакты тұрақты қолданғандарда тіс шірігінің тоқтағаны, тіс еттерінің бекем болғандығы, ауыз иістерінің қалмағандығы байқалады. Мисуак – Арабстанда өсетін Эрак ағашының бұтағы. Қазақ халкының көрнекті ғалымы әрі алғашкы кәсіби дәрігері Халел Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мән берген. «Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мисуакпен (тіс тазалағышпен) жаксылап тазала. Ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалал шайып отыр». Ғалымньң бұл сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.

Тіс жіптерін де щетканың жете алмаған тұстарында қолдануға болады.