Untitled Document

Сұхбат ........................Садақа беру

Сұрақ: Мұсылмандар күнде садақа беруі тиіс екен. Беретін нәрсе таппағандар не істейді?

Жауап: Расулуллаһ алейһиссалам мен сахабалары арасында мынадай сөз қозғалады. Пайғамбарымыз:

Әрбір мұсылманның садақа беруі тиіс,- дейді.

Йа, Расулаллаһ! Беретін нәрсе таппағандар не істейді?

Еңбектеніп табыс табады және садақа береді.

- Істейтін жұмыс табылмаса ше?

Көмекке мұқтаж кісіге қандай да бір көмек береді.

- Көмекке мұқтаж кісі табылмаса ше?

Кез келген бір жақсылық жасауы (мал-мүлкім болғанда мен де садақа берер едім деу, біреуге жол көрсету, жолдағы кедергілерді алып тастау, өлімді еске алу, басқаға зиян тигізуден сақтану, ілім үйрену және үйрету секілді) ол үшін садақа болып табылады. (Бұхари, Муслим, Нәсаи)

 

Кімге беру керек

Ілім беріліп жатқан жерлерге зекет, пітір, атау (нәзір), ақиқа және садақа ретінде берілген көмек адамды апаттардан, бәлелерден қорғайды. Дүниеде сау-саламатты өмір сүруге себеп болады. Сондай-ақ парыз болған жиһад және ілімді тарату сауабына да қауыштырады. Осылайша жәрдем еткен адам дүниеде де, ақыретте де үлкен ниғметтерге бөленген болады. Ілімді таратудың сауабын пайғамбарымыз былай білдірген:

«Бүкіл ғибадаттарға берілген сауап Аллаһ жолындағы жиһадқа берілген сауаптың қасында теңіздің жанындағы бір тамшы судай. Ал жиһад сауабы әмри маруф және нәхии мункәр (діннің әмірі мен тыйымдарын үйрету) сауабының қасында теңіз жанындағы бір тамшы судай». (Дәйләми)