Untitled Document

Бала тәрбиесі... Балаға смартфон ұстатпаудың 10 себебі (2)

           5) Өз іс-әрекетінің салдарын ойлауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі таңда жеткіншектер өзара қарым-қатынасты түрлі чаттарда жазысу арқылы жасайды. Мұндай жағдайда бейтаныс адамдармен де хат алмасуы мүмкін. Ал бұлай жалғасуы балаңыздың өміріне тікелей қауіп төндіруі ғажап емес.

6) Смартфонға тәуелділік қалыптасады. Түрлі ойындар мен бағдарламалар арқылы өзіне тәуелді етеді, одан басқаны ойлауға мұршасы келмей қалады.

7) Психикалық саулығына әсер етеді. Мамандардың айтуынша, балалар арасындағы депрессия және анфекция себептерінің көп жағдайда интернет пен смартфон секілді құрылғыларды пайдаланудан болады дейді. Смартфондағы ойындарда жиі қорқытып-үркіту орын алады. Бұл баланың психикасына кері әсерін тигізеді.

8) Балаңыздың физикалық саулығына зиян. Смартфонды пайдаланушылар бір орында қимылсыз отырады. Бұл жеткіншектің дене бітімінің дұрыс өсуіне, қалыптасуына кері әсер етеді. Олар таза ауада көп қимылдауы тиіс. Соның салдарынан арқаның қисаюы, көз көруінің нашарлауы, артық салмақ жинауы т.б. аурулар табуы мүмкін.

9) Мінез-құлқы өзгереді. Смартфонды күніне екі сағаттан артық пайдалану бала эмоциясының өзгеруі мен әлеуметтік мәселелерінің туындауына үлкен себеп. Мінезінде тұйықтық пайда болады. Алуан түрлі ойындар жеткіншектің көңілінің бұзылуына, оның өзімен-өзі жалғыз болуына деген ынтасын арттырады.

10) Баланың зорлық-зомбылықты сезінбей өсуіне әкеп соғады. Смартфон арқылы түрлі зорлық-зомбылық ойындар, чаттар немесе интернеттегі әдепсіз видеоларды жиі көретіндіктен агрессивті мінез-құлықты қалыптастырады. Оның зардаптары бүгінгі күнде де байқалып жатқанына куә болудамыз.