Денсаулық... Денсаулық зор байлық
Денсаулығы нашар болған адамның толық болса да, арық болса да, өмірден ләззат алуы өте қиын. Тамақтану әдетінің адам өміріндегі маңызы өте зор. Жас кезде адам көбірек тамақ жеуге тырысады. Сондықтан ілгерілеген жасында шығатын аурулардың түбірінде жас кездегі артығымен желінген азықтардың тигізген септігі үлкен болады.
Ферум (темір): Клеткаларға оттегі тасымалдау қызметін атқарғандықтан өте маңызды элемент. 19-49 жастар аралығындағы адамдардың 95% жеткілікті мөлшерде алмауда. Денедегі ферум кемшілігі қан аздық, беттің бозаруы, әлсіздік, уақытсыз ағарған шаштар және шаншу секілді дерттерге жол ашады. Ферумге қанық азықтар: Жұмыртқаның сарысы, күнжіт, фасоль, жасымық, пісте, курага және миіз...
Фолик қышқылы: Бүкіл клеткалардың қалыптасуы үшін әсіресе қан клеткаларының жасалуы үшін керек. Ең көп: Шпинат жапырағында болады, бауырда, бүйректе, фасоль, нохат және жасыл жапырақтарда мол болады.
Кальций: Сүйек және тістердің мықты болуы үшін қажет. Сонымен қатар жүрек бұлшықеттерінің жөнге келтіру және жүйке жүйесі үшін де бұл элемент өте маңызды. Тіс құрылысының әлсіреуі, қолдарда және аяқтарда ұйып қалу, сіңір тартылу (судорога), ілгері жаста сүйек аурулары секілді дерттерге шалдығудың басты себебі - калций кемшілігі. Калцийге қанық азықтар: Сүт, айран, ірімшік, бадам, капуста, фасоль, сардина, күнжіт, жұмыртқа, оливка...
Пияз және сарымсақ, тамырларда қанның жүруін арттырады. Пияз және сарымсақтың қан тамыры бітелуі кесірінен қан қысымын және қан холлестеринін түсіруде әсері бар.