Бүгін... Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Бүгін – тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн еліміздегі тойланатын ең басты мемлекеттік мереке. Бұл күндері республика қызметкерлері үшін демалыс.
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Сондай-ақ бұл күн еске алу күні. Халық Алматының Республика алаңына 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алып құрметтеу үшін шығады.
Қазақстанның тәуелсіздік күні республиканың ең жоғарғы мемлекеттік мерекесі болып табылады. Бүкіл ел мерекелейді, сол оқиғалардың куәгерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл күннің құрметіне мәдениет, спорт, саясат, өнер және өмірдің басқа да салаларындағы әртүрлі қызметкерлер марапатталады. Абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. Барлық қалаларда, ауылдарда мерекелік іс-шаралар өтеді, кешкісін аспанға салют атылады.
Хикмет... Жетістік деген не?
Бір күні Хазреті Әбу Бәкір Суси шәкірттерінен: «Жетістік деген не, білесіңдер ме?» деп сұрайды. Шәкірттері: «Білмейміз ұстаз», дейді. Ұстаздары: «Жетістік – өлгеннен кейін ахиретке пайдасы болатын нәрсе. Бір нәрсенің ахиретте пайдасы жоқ болса, оған жетістік делінбейді. Жетістікке жеткен адам деп, өзін жаһаннам отынан сақтаған адамға айтылады. Өзін жаһаннам отынан сақтай алмаған адам, не істесе де жетістікке жеткен боп есептелмейді.