Untitled Document

Денсаулық... Қатерлі ісіктен сақтану

Қалыпты жасушалар оттегіні қажетсінеді, ал қатерлі ісік жасушалары оттегіден қашады. Қатерлі ісік метаболизмі (зат алмасуы) қалыпты жасушалардың метаболизмасынан сегіз есе үлкен. Бұл жасушалар үнемі аштықтан өлуге жақын тұрады және денеден өзін азықтандыруды талап етеді. Азықтануы тоқтатылса өле бастайды. Азықтану үшін дененің шекер өндіруін қамтамасыз ете алмаса өледі. 

Дененің протеиндерден шекер алуына “кахексия” делінеді. Бұлай алынған шекерлер қатерлі ісікті азықтандырады. Дене, соңында қатерлі ісік жасушаларын үздіксіз азықтандыруға талпынып, өзі аш қалады. Қатерлі ісіктің нені жақсы көретінін білетін науқас сол нәрселерді жеуден ұзақ тұрады. Қатерлі ісік піскен тағамдарды жақсы көреді. Шекердің орнына дәмдеуіштерді қолдану да шешім емес.

Елімізде көпшілік, жасы-кәрісі барлығы дерлік  өте зиянды болған шекер мен ақ ұн өнімдерін көп тұтынады.

Төмендегі шаралармен қатерлі ісік қаупінің ең аз дегенде үштен екісінің алды алынуы мүмкін:

¨ Ұн және шекерден ұзақ тұрыңдар!

¨ Құрамында дәмдеуіштері бар тағамдар мен сусындар қолданбаңдар!

¨ Қосымша құрауыштар, жасанды қоспалар қосылған және пакеттелген тамақтарды жемеңдер!

¨ Балғын жеміс-жидек, өсімдіктерді көп тұтыныңдар!

¨ Айран, маринадталған өнімдер, сірке суы сияқты пайдалы бактериялы азықтарды тұтыныңдар!

¨ Еркін жайылған (қамауда өспеген) малдардың еттерін, еркін бағылған құстардың жұмыртқаларын тұтыныңдар!

¨ Сүттің орнына айран, ірімшік секілді сүт өнімдерін тұтыныңдар!

¨ Күніне екі бөлік сарымсақ немесе бір дана пияз тұтыныңдар!

¨ Шекерсіз, көк және қара шай ішіңдер!

¨ Стресстен ұзақ тұрыңдар! Ұйқыларың тынық болсын!

¨ Айналадағы токсиндерден, темекі және спиртті ішімдіктерден ұзақ тұрыңдар!

¨ Күнге күйіңдер немесе D витаминін алыңдар.

¨ Жеткілікті мөлшерде дене жаттығуын жасаңдар!

¨ Тамақтарды буға пісіріңдер!

¨ Қыштан, шыныдан, қалайы, болаттан жасалған ыдыстарды қолданыңдар! Ал тефлон мен алюминді ыдыстарды мүлдем қолданбаңдар!