Untitled Document

Тарихи тұлғалар ... Қазыбек би

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) – мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның орта жүзінің тізгінін берік ұстаған беделді биі, әділ қазысы.

*** *** ***

Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді. Жантай тұрып:

- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:

- Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.

Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды.

Бір асына жарытпады. Жазым болып күрек тіс сынды.

Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяқтапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:

- Ас адамның арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондықтан мынаның ақысын бер, күрек тісің құнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ. Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.