Untitled Document

Мақала... Оптимизм туралы бірер сөз (1)

Оптимизм – тіршіліктегі қиыншылықтар мен келеңсіздіктерге қарамастан барлық нәрсенің жақсы болатынына жору, үміттену, сену дегенді білдіреді. Яғни үмітсіздікке, күйзеліске түспеу, болашаққа сеніммен қарау деген сөз. Тақырыпты кеңінен ашу үшін оптимисттер мен пессимисттер туралы қысқаша сипаттамаларға көз жүгіртейік:

Оптимисттер:

  • Алда жарқын болашақ күтіп тұрғанын, жағдайдың бүгінгіден де жақсырақ болатынынан үміттенеді.
  • Мақсатына жететініне сенімді болады.
  • Өмір тосынсыйларға толы деп біледі.
  • Қиындыққа тап болғанда шешімі табылатынына, жағдайды реттеуге шамасы келетініне сенеді.
  • Келеңсіздіктің өзінен ұтымды тарапын көреді, өмірлік сабақ деп қарайды.
  • Айналасындағы келеңсіздіктерден шағымдана бермейді

Пессимисттер:

  • Не істесем де жағдайым оңалмайды, жұмысым жүрмейді деп ойлайды.
  • Үнемі уайымдап, үрей ішінде жүретін себеп тауып алады.
  • Барлық келеңсіздіктер маған ғана келеді деп түңіледі.
  • Ешбір жұмысым мен ойлағандай жүрмейді деген сенімде.
  • Басына іс түссе өзін кінәлап, стресс, күйзеліс ішінде жүреді.

(Жалғасы ертең...)