Мақала... Жас өспірімдерді кітапқа баулу
Кітап оқу дағдысы кіші жастарда пайда болса, әсерлірек, жақсырақ және тұрақты болады. Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға дағдыландыру керек. Ал бұны қалай істеуге болады?
Балалар мен жас өспірім оқыған кезде қызығушылық танытатын комикстер, қысқа хикаялар, қызықты балалар ертегілері, сөз қазынасын арттыратын кросвордтар, жұмбақтар, балалар мен жасөспірім үшін дайындалған журналдар бұл сұрақтың жауабы.
Ең жақсы оқу дағдысын осы атағандарымыз тудырады. Әйтпесе балаларға ғылымның өзі берілген дәріс кітаптарын және ауыр кітаптарды оқыту өте қиын. Елімізде, әсіресе қазіргі қоғамда кітап оқу дағдысының жеткіліксіз дәрежеде екенін қабыл етуге мәжбүрміз. Әлемдегі мемлекеттермен салыстырған кезде ең арттағы қатарларда қалудамыз. Теледидар мен радио сияқты құралдардан алынған білім уақытша. Көп мәлімет берілсе де, бұларды ақылда сақтау қиын. Өйткені бұл мәліметтерге иемдену үшін ешқандай еңбек жұмсалмаған. Бірақ кітап ондай емес. Белгілі еңбек жұмсалып алынған білімнің ұмыт болу ықтималы өте аз.
Сіз білесіз бе?... Шыбын-шіркей жейтін өсімдік
Әлемде 500 ден астам шыбын-шіркей жейтін өсімдік түрі бар. Азотсыз топырақтарда өмір сүретін бұл өсімдіктер, азотқа деген қажеттілігін жеген құрт-құмырсқа, шіркейлерден алады. Бұл өсімдіктердің жапырақтарында асқазан міндетін атқаратын бір бөлім бар. Жылтыр түсті жапырақтары шыбын және құрт-құмырсқалар, үстіне қонған кезде оларды жабыстырып алады. Кейін жапырақ бүктеліп өзінен бір сұйықтық шығарып, шіркейлердің жұмсақ жерлерін ерітіп жұтады.