Untitled Document

Сұхбат... Ғибадаттардың пайдаларын ойлау (2)

Дәрет пен ғұсылдың қан айналым жүйесіне келтіретін пайдасы орасан зор. Тамырлардың қатаюы мен тарылуының алдын алады. Дәретте дененің белгілі нүктелерін сергітетін әрекеттер бар. Дәрет алғанда лимфа жүйесінің ең маңызды орталықтарынан болған мұрын қуысы мен таңдай бездері жуылып сергітіледі. Одан бөлек мойын мен оның айналасына су тигізу де лимфа жүйесіне әсерін тигізеді. Дәрет пен ғұсыл арқылы жеңілдеген лимфа айналымы арқасында лимфоцит деп аталатын күресуші жасушалар денені зиянды элементтерден қорғайды және иммунитетін арттырады.

Күнімізде инфрақызыл сәулелерімен сыртқы терінің арнайы суреттері түсіріліп, осы суреттерде жүніп болғаннан кейін бүкіл дененің беті шамадан артық статикалық энергия қабатымен қапталатыны анықталды. Бұл қабат, терінің оттегі алмасуына кедергі болумен қатар, тері түсінің бұзылуына және тез әжім басуына себеп болуда. Бұл жағдайдан құтылу үшін денені иненің ұшындай да құрғақ жері қалмайтындай етіп толығымен жуу керек. Осылайша су бөлшектері негативті электр өрісін алып, денені тұйықтайды және қалыпты күйіне қайтарады. Осы тұрғыдан ғұсыл, медицина жағынан да міндетті түрде орындалуы керек болған тазалық түрі.

Су табылмаған кездегі дәрет пен ғұсыл үшін топырақпен жасалатын тәйәммум де денедегі көп мөлшерлі статикалық энергияны жояды. 

Қорыта айтқанда, Ислам дінінің талап еткен міндеттерінде дүниелік пайдалары қаншалықты көп болса да, бұларды тек Аллаһу та'аланың әмірі болғаны үшін және ахиретте азаптан құтылу үшін орындау керек. Ниет осындай болса, дүние пайдаларын бөлек ойлаудың да зияны болмайды.