Отбасы... Жанұяны асырау ер кісінің міндеті
Неке (үйлену) – әрі еркекті, әрі әйелді бақытты қылатын киелі одақ. Мамандардың айтуынша: «Депрессияға түскен әйелді айықтыру үшін оны тұрмысқа беріп, балалы болуына жол ашу керек. Ер кісіні де бақытты қылу үшін дәл осы шараны қолдану қажет».
Әйел онсыз да әлсіз және нәзік жаратылыс. Үйдің жұмыстары және балалардың тәрбиесі жетіп тұрғанда, тағы сыртқа жұмысқа шығуы, кәсіп иесі болып жұмыс істеуі оны әбден шаршатады. Ананың күнде үйінен жұмысқа шығуының кесірінен пайда болған маңызды мәселелердің бірі – балаларының қажетті қамқорлық пен мейірімнен мақрұм қалуы. Балалар азыққа қалай мұқтаж болса, ана қамқорлығына да солай мұқтаж.
Көбісі «әйелдер ақша табу, осылайша жанұясын қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді» деп ойлайды. Алайда, жасалған сауалнаманың қорытындысы бойынша, жұмыс істейтін аналардың 84 пайызының негізгі мақсаты ақша табу емес, оқып алған дипломын ақтау және мамандығын қолдана алу деген арманды орындау.
Дініміз әйелдің жұмыс істеуіне белгілі шарттарда және зәру жағдайларда рұқсат береді. Жанұяның, бала-шағаның напақасын (азығын, киімін, баспанасын және т.б.) қамтамасыз етуді үйдің еркегіне парыз қылды. Еркек пен әйелдің құқықтары тең, бірақ жаратылыста екеуі тең емес. Екеуінің табиғаты өзгеше. Олар бір-біріне мұқтаж, бірі болмаса екіншісі нұқсан қалатын болмыстар. Яғни олар жанұяда бірігіп, бірін-бірі толықтыратын, екі жарты бір бүтін болатын өзгеше жаратылыстар.
Жақсы отбасы әрі еркекті, әрі әйелді бақытты қылатын, шаттық пен ырыс беретін одақ. Осы бақыттың тұрақты болуы үшін әйелдерге артық жүк бермеген жөн...