Үй үшін... Үйдегі қауіпті заттар
Үйіңізді өрттен қорғау үшін, электр тогымен және газбен істейтін құралдарға және жанатын, тез тұтанатын заттарға абай болу керек. Мысалы:
♦ Газ және тоқ жіберетін плита.
♦ Розеткаға қосулы қалып кеткен үтік.
♦ Жанармай секілді тазартқыш заттар.
♦ Тұтатылып, ұмытылып қалып кеткен темекі.
♦ Көп жасанды сым оралған сақтандырғыш (предохранитель).
♦ Жерге тұйықтау желілері болмаған розеткалар, штепсельдер.
♦ Өшірілмей қалып кеткен электрлі пеш.
♦ Газ жіберетін су ысытқыш.
♦ Тоқ жіберетін кір жуғыш машина.
♦ Қосылып қалып кеткен теледидар.
♦ Қағаз немесе пластиктен жасалған абажурлар.
♦ Өшірілмей қалып қойған шам (свеча).
♦ Тоқ жіберетін басқа да құралдар.
Бұл айтылғандар бір қарағанда тым қарапайым, маңызсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда өрттің көпшілігі осы себептерден туындауда. Сондықтан бұларға немқұрайлы қарамау керек.
Зеректік жұмбағы...
1=4
2=16
3=64
4=?
Cұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек? (Жауабы ертең...)