Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Исар

Жомарттық – өзіне қажет болмаған нәрселерді басқаларға беру, қолы ашық болуды білдіретін жақсы, үстем мінез-құлықтардың бірі. Ал исар дегеніміз өзге адамның игілігін, өз игілігіңнен бұрын ойлау, өзге адамның қажетін өз қажетіңнен бұрын ойлау, өзің мұқтаж бола тұра қолыңдағы нәрсені мұқтаж болған басқаға беріп, жоқшылыққа төзу, сабыр ету дегенді білдіреді. Яғни жомарттықтың қуатты, үстем дәрежесі исар деп аталады. 

Пайғамбарымызға бір қонақ келген еді. Үйінде жейтін азық жоқ болатын. Ансарлардың (яғни сахабалардың) бірі оны үйіне алып кетеді. Алайда оның да үйінде бір адамға ғана жетерлік тамақ бар еді. Шамды сөндіріп тамақты қонақтың алдына қояды. Өзі де дастархан басына отырып алдындағы бос ыдысқа қасығын апарып, әкеліп жеп отырған сыңай танытады. Ертеңіне пайғамбарымыз үй иесіне: «Аллаһу та’ала қонаққа көрсеткен ілтипатыңнан разы болды. Бұған байланысты: “Өздері мұқтаж бола тұра, өздерінің орнына басқаларды артық көреді” деген аяти кәриманы түсірді» деді. (Хашр сүресі 9-шы аяти кәрима) 

Адамға қажетті нәрселерде исар жасалады. Ғибадаттарда исар жасалмайды. Мәселен мешітте бірінші сапта отырған адам орнын басқа біреуге бермейді. Намаз уақыты кіргенде, дәретсіз адамның дәрет суын басқаға исар етуі жаиз емес, яғни рұқсат емес.  

Құрметті оқырман!

Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.