Тарих... Дүниедегі ең алғаш университетті мұсылмандар ашты (1)
Пайғамбарымыз сұхбаты мен насихаттарын Мәдина-и Мунаууарадағы мешітінде жүргізетін еді. Бұл жер Ислам тарихындағы алғашқы академия болып табылады. Сахабалардан бойдақ болғандары “асхаби суффа” деп аталатын жетпіске жуығы үнемі осы Мәсжиди Нәбәуиде (пайғамбарымыздың мешітінде) болатын. Пайғамбарымыздың жанынан еш айырылмайтын еді. Құран кәрімнің аяттарын және хадис шәрифтерді меңгеріп, ол жерде болмағандарға естіртетін. Исламның ұзақ елді-мекендерге таралуына және кейінгі ұрпақтарға мұра болып қалуына асхаби суффаның атқарған қызметі орасан зор. Ислам әлемінде жоғарғы білім Ортаға ғасыр дәстүріне сай діни және әдеби білімдермен бірге мешіттерде және бірен-саран муддарристердің (профессор) үйлерінде оқып үйренілетін. Хижри 3-ші ғасырдан бастап мешіттердің жанында бөлек медреселер ашыла бастады. Одан бұрынғы “жами” (мешіт) сөзіне сәйкес бұлар да “жами” (жинаушы) деп аталды. Еуропада мұның латынша аудармасы “университатис” деп аталды. Жамилер (Университеттер) “куллийа”-ларға бөлінді. “Колледж” сөзі куллийадан шыққан. Әрқайсысында әр түрлі білім беріледі. Медреселерде “әйван” деп аталатын баспалдақты дәрісхана, конференция залы және дәрісханалар, мударрис (профессор) бөлмесі, мешіт кітапханасы, аурухана, шәкірттерге арналған жатақхана, монша және асханасы болатын еді.
859 жылы Фастағы (Марокко) Фез қаласында құрылған Жамиул-Курәуиин (Курәуиин университеті) қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған әлемдегі ең ескі университет. Мұсылман Андалусия мемлекетінде 786 жылдан бастап іске қосылған Қуртуба (Кардова) университеті де Еуропаның ең көне университетінің бірі. Француз Папасы Силвестр II (999-1003) жылдары осы жерден білім алған. Тунисте 726 жылы Кайрууан және 732 жылы Зайтуна университеттері ашылды. 972 жылы Каирдегі “Әл-Азхар” университеті бұлардың жалғасын тапты. (Жалғасы ертең...)