Untitled Document

Сұхбат... Дүние мен ахирет бақыты үшін

Раббымызға қанша шүкір етсек те аз. Біз әлі дүниеге келмей тұрып, дүние өмірінде жайбарақат және бақытты өмір сүре алуымызға нелер қажет болса, бәрін жаратып беріп, бізге сыйлады. Олардың ешқайсысын біз сұрамадық, ондай нәрсені тіпті ойламадық, ойлайтын болсақ та, оны істеуге шамамыз жетпейтін еді. Барлығы бізді жаратқан Аллаһу та'аланың қамқорлығы мен сыйы. Ризығымызды әлі біз дүниеге келуден бұрын анамыздың омырауында әзірлеп қойды. Сади Ширази (рахметуллаһи алейһ): «Адамдар ризықтарын несіне уайымдайды, ол дүниеге келген сәтінде ризығы дайын тұрады»,- деген екен.

Бақытты өмір сүре алуымыз үшін жер мен көктегі барлық болмыс бізге қызмет етеді, ақысын да талап етпейді, қарсы шықпайды да! Мысалы, аспандағы күн: «Мен адамдарға мыңдаған жылдар бойы жарық пен өмір бердім, маған тіпті рахмет те айтпады, бұдан былай оларға бұл жақсылығымды жасамаймын, не істесе де өздері білсін!» - дей алады. Ол кезде біздің де, дүниеміздің де шаруасы бітетін еді. Осыншалықты керемет және кемшіліксіз жаратылған және бізге қызмет етіп жатқан табиғатты көрген сайын, ойлаған сайын Аллаһу та'аланың құдіретін, ұлылығын және бізді қаншалықты жақсы көретіндігін өз көзімізбен көріп, таңырқап жүрміз. Осындай ойлар бізді Раббымызға одан сайын жақындатып, сүйіспеншілігімізді арттыруда. Аяқ-қолсыз дүниеде өмір сүру қиын болғандықтан, анамыздың жатырында-ақ бізге нәсіп болды. Ахиретте де мәңгі бақытқа қолжеткізу үшін бізге бұйрықтар мен тыйымдар берілді. Берілген бұйрықтарды орындап, харамдардан сақтансақ, дүниеде рахат өмір сүргеніміздей, ахиретте де бақытты боламыз.