Сұхбат... Алғаш жаратылған нұр
Аллаһу та'ала ешнәрсе жаратпастан бұрын пайғамбарымыз Мұхаммед алейхиссаламның киелі нұрын жаратты. Тәпсір және хадис ғалымдарының көпшілігі: «Хақ та’ала өз нұрынан әсемдік пен бір негіз жаратып, одан бүкіл жаратылысты кезегімен пайда еткізді. Бұл - Мұхаммедтің нұры деп аталады. Барлық рух пен дененің бастауы мен шығу көзі осы негіз болып табылады» дескен.
Сахабалардан Жабир бин Абдуллаһ бір күні: «Иа, Расулаллаһ! Аллаһу та’ала ең әуелі нені жаратты?» деп сұрағанда: «Бәрінен бұрын сенің пайғамбарыңның, яғни менің нұрымды өз нұрынан жаратты. Ол кезде лаух, калем, жұмақ, тозақ, періште, көк пен жер, күн, ай, адамдар мен жындар жоқ болатын» дейді.
Мұхаммед нұры Адам алейхиссаламның жүрегі мен денесі жаратылғаннан кейін оның екі қасының арасына қойылды. Адам алейхиссалам өзіне рух берілгеннен кейін маңдайында Шолпан жұлдызы сияқты жарқырап тұрған бір нұр бар екенін сезді.
Адам алейхиссалам жаратылған кезде Хақ та’ала оған: «Әбу Мұхаммед, яғни Мұхаммедтің әкесі» дегенін жүрекпен түсініп: «Йа, Раббым! Маған неге Әбу Мұхаммед дедің?» деп сұрағанда Аллаһу та’ала: «Ей, Адам! Басыңды көтер» деді. Адам алейхиссалам басын көтеріп қараған кезде Арши а’лада пайғамбарымыздың (алейхиссалам) нұрдан жазылған «Ахмет» деген есімін көреді. Сонда: «Йа, Раббым! Бұл кім?» деп сұрайды. Аллаһу та’ала «Бұл сенің тегіңнен шығатын бір пайғамбар. Оның есімі көктерде Ахмет, ал жерде Мұхаммед. Егер ол болмағанда сені де, жер мен көкті де жаратпас едім» дейді.