Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Ашулану (1)

Ашулану – арадағы махаббаттың, сыйластықтың, достықтың жойылуына себеп болады. Ашуды жеңу өте үлкен сауап. Пайғамбарымыз тас көтеріп күштерін сынап жатқан адамдардан:

- Осы тасты көтеруден де қиын нәрсені білесіңдер ме?-деп сұрайды.

- Йа Расулуллаһ, не екенін айтыңызшы,- десті.

- Егер кісі, ашулы күйде ашуын жеңіп, одан кейін сабырлылық жолын ұстанса, сендердің ең ауыр тас көтергендеріңнен де күштірек сол,- дейді. (Т. Ғафилин)

Ашуланған кезде Әузу-Бисмилләһ және екі «Құл әузу...» сүрелерін оқу керек. Ашуланған адамның ақылы жабылады. Ислам дінінің шекарасынан сыртқа шығады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жігіттік, балуандық қарсыласын жеңу емес, өз ашуын жеңу». (Бұхари)

«Ашуланған адам, қалағанын істеуге күші жете тұра жылы мәміле көрсетсе, Аллаһу та’ала оның жүрегін саламаттық және иманмен толтырады». (Ибн Әбиддүния)

«Кімде-кім, Аллаһ разылығы үшін ашуын жеңсе, Аллаһу та’ала одан азабын алыстатады». (Табарани) Ислам ғалымдары: «Ашуын жеңген адамға Аллһу та’ала ахиретте ашуын мейірімге айналдырады»,-деген.

«Ашу шайтанның уәсуәсәсынан пайда болады. Шайтан оттан жаралған. От сумен сөндіріледі. Ашуланған кезде дәрет алыңдар». (Әбу Дауд)

«Ашуланған адам тұрған болса отырсын, ашуы тарқамаса жатсын».

(Әбу Дауд)

Түрегеп тұрған адамның кек алу мүмкіндігі оңай. Отырған кезде азаяды. Жатқан кезде одан да аз болады. Ашуланған кезде, «Аллаһуммағфирли зәнби уә әзһиб ғайза қалби уә әжирни минәшшайтан» дұғасын оқу керектігі хадис шәрифте өткен. (Ибн Сүнни) Мағынасы: «Йа Раббым, күнәмды кешіре-гөр. Мені жүрегімдегі ашудан және шайтанның уәсуәсәсынан құтқара-гөр». (Жалғасы ертең...)