Untitled Document

Өлең... Түлкі мен есек

«Қайдан жүрсің, қалқан құлақ ақылдым?» –
Түлкі Есекке сұрақ қойды ақырын.
«Арыстандай батырдың
Қор болғанын көріп келе жатырмын:
Ақырғанда ол, аңдар шошып самғайтын,
Менде де ес қалмайтын,
Жеп қоярдай репетсіз со неме.
Ал, бүгінде жоқ айбыны, түк күші,
Жатыр інде бүк түсіп,
Секілді бір домаланған бөрене.
Сенемісің, аң біткен
Қорықпайтын болып алған, ал тіптен,
Кек қайтарып, білгендерін істейді!
Әркім барып, Арыстанды көзінше,
Өзінше, Сүзеді де, тістейді....»
«Арыстанға сен не істедің, құрметтім?» –
Түлкі қойды сұрақты.
«Мә! – деді Есек жиып қойып ұятты, –
Неден қорқам, қасқайта кеп бір тептім,
Көрсін күшін тұяқтың!»
Атақты боп, елді билеп сұрасаң,
Әлсіз жандар бетке тіктеп келе алмас.
Ал, биіктен құласаң,
Көресіні солардан күт ең алғаш.

Абдрахман Асылбек

 

Күлімдейік... Арыстан мен Маймыл

Бір күні арыстан келе жатып, аңшылардың тұзақ құрып қазған апанына құлап түсіпті. Ары тырмысып, бері тырмысып шыға алмайды. Оны Ағаш басында бақылап отырған маймыл: «Өй, өзіңе де сол керек, дөңкиген мысық! Енді сенің тісіңнен жәдігер жасайды, ал теріңнен жерге төсеніш жасайды»,-дей бергенде, бұтақ сынып маймыл да әлгі апанға құлап түседі. Сонда: «Ойбай, Асеке, сенсең де, сенбесең де айтайын, кешірім сұрау үшін келдім»,- деген екен.