Untitled Document

Мақала... Ел ертеңi — бiлiмдi ұрпақ

Баяғы өткен заманда бір лашықта жас жігіт  өмір сүріпті. Ол жер жыртып, егін салып, соны өсірумен күнін өткізіпті. Ол күндегі әдетінше еңбек етіп жатқанда, күшті дауыл соғып, еккенін ұшырып кетеді. Бірақ ол оған өкінбей, тағы еңбектенеді. Дегенімен, егіні өспей қалады. Содан көңілі мұқалып, қайғырып отырып, ұйқтап кетеді. Ұйықтап жатып, түс көреді. Түсінде бір ақсақал оған: «Қарағым, егіннің өсуі үшін, суғарып жүрген суыңның басына бар»,- дейді. Ол оянғаннан кейін, тау жаққа жүріп, судың бастауын табады. Судың бастауында бір үлкен тас жатады екен. Ол жалма-жан тасты аударып, суды тазартады. Тазартып болып, дем алып отырғанда, су атқылап, мөп-мөлдір болып ағады. Сол сумен егінін суарып, бақытқа кенеледі. Сондықтан «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп бабаларымыз тегін айтпаған. Ал мұның астарлы мағынасы болса, бойында өнері бар жас жеткіншекті көрсе шыңдап, қанатын қатайтып, талантын ашып, бағыт-бағдар беру болып табылады.

Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы білімді жастардың қолында. Олай болса ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене еңбектенейік! Сонда ғана көздеген мұрат-мақсатымызға жетіп, халықтың әл-ауқатын жақсарта аламыз.