Untitled Document

Пайдалы мәлімет... Зеректікті дамытатын әдеттер

♦ Көп оқы. Кітаптар, журналдар және сайттардағы мәтіндерді оқы. Күнделікті кітап оқу кестесін құр. Ғалымдар ақпарат жақсы меңгерілуі үшін таңертең оқуды ұсынады. Оқығандағы ұнаған мәтіндер мен тіркестерді блакнотқа жазып, жаттап алуға тырыс.

♦ Жаңа идеялар ойлап тап. Блокнотқа жазып жүр. Шығармашылық жаңаша ойлауға шабыттандырады. Өз идеяларыңды әрдайым тексеріп сарала.

♦ Ақылды адамдармен аралас. Зияткерлер өз миларын немен қоректендіретінін біледі, сондықтан олармен араласқан пайдалы. Олардың оқу стилін үйренесің.

♦ Ақыл-ойыңды ғана емес, денеңді де жаттықтыр. Ақыл-парасатыңды дамытуды ойлағанда дұрыс тамақтану мен жаттығулар туралы ұмытпа. Ми мен дене әрқашан тығыз байланыста.

♦ Күнделік жаз. Ақылдырақ болудың тағы бір әдісі – жеке тәжірибеңнен сабақ алу. Зерттеулер бойынша күнде бірнеше минутыңда болған жағдайды немесе ойды жазуға арнау ми күшін арттырады екен.

♦ Біліміңмен бөліс. Жаңа нәрсені үйрену сөзсіз ақыл-парасатты дамытады, ал білгеніңмен бөлісу процесті арттырады. 

Күлімдейік... Емтихан

Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор:
- Сіздің аты-жөніңіз?
- Бектұров (студент жымиып күледі).
- Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың?
- Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын.