Сұхбат... Ислам және ғылым
Ислам діні – ғылымның нағыз өзі. Құран кәрімнің көптеген жерлерінде білім алу бұйырылған, ғалымдар мадақталған. Мәселен: “Зүмәр” сүресінің 9-ші аятында былай делінген: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма? Білетіндер әлбетте қадірлі болады». Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” білімді мақтаған және адамдарды өнер-білім үйренуге шақырған. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Ғылым Қытайда болса да барып үйреніңдер!»
«Бесіктен мазарға дейін білім алыңдар, ізденіңдер!»
«Ертең өлетіндей етіп ахирет жұмыстарын және ешқашан өлметіндей етіп дүние жұмыстарын істеңдер!»
«Біліп жасалған аз ғибадат – білмей жасалған көп ғибадаттан артық.»
«Шайтанның бір ғалымнан қорқуы – надан болған мың абидтен (құлшылық етушілерден) қорқуынан да көп!»
Ислам дінінде күйеуінің рұқсатынсыз әйел адам нәпіл қажылыққа бара алмайды. Қонаққа, сапарға да шыға алмайды. Бірақ күйеуі ілім үйретпесе және рұқсат бермесе, оның рұқсатынсыз ілім үйренуге бара алады. Көріп отырғанымыздай, үлкен ғибадат болып саналатын қажылыққа күйеуінің рұқсатынсыз бару күнә бола тұра, ілім үйренуге рұқсатсыз шығу күнә болмайды.
Жаратылыстану (дүниелік) ғылымдарда, өнермен технологияда ілгерілеу, заманауи соғыс құралдарында да ілгерілеу парыз кифая болып табылады. Дініміз дұшпандардан да артық еңбек етуді бұйыруда.
Исламға қарсы болғандар дінімізге медицина жағынан да мін таға алмауда. Пайғамбарымыз алейһиссалам медицина ғылымын да мақтаған. Хадис шәрифте: «Ғылым екіге бөлінеді. Олар денеге қатысты және дінге қатысты ғылымдар» делінген. Ислам дене ғылымын дін ғылымынан бұрын үйренуді бұйырады. Өйткені барлық жақсылықтар деннің саулығы арқасында атқарылады. (Садәти Әбәдийа)