Ғибрат... Ешкімді айыптама
Әулиелерден Мұхаммед Зухди хазреттері бір күні шәкірттерінен біріне:
- Балам, мұсылмандардан ешкімді құсыр-кемшілігіне байланысты айыптама,- дейді. Шәкірт:
- Ұстаз, бірақ кейде өте өрескел нәрселерге куә болудамыз, айыптамау мүмкін еместей болады.
- Сонда да ешкімді айыптама.
- Не үшін, мұның хикметі неде?
- Өйткені, кімде кім бір мұсылманды тәубе еткен құсырымен айыптаса, ол адам дәл осы құсырды істемейінше өлмейді. Қатты айыптағың келіп тұрса, өзіңді айыпта. Өз кемшіліктеріңді көр. Өзіңді жаманда. Айнаға қарап өзіңнен ұял. Өзгемен емес, өзіңмен шұғылдан,- деді.
Сұхбат... Тәубе ету
Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету керек! Тәубе – күнә істегеннен кейін өкіну, Аллаһу та’аладан қорқып кешірім тілеу, қайталап істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала тәубе еткендерді жақсы көреді және тәубелерін қабыл етеді. Тіпті соңғы демде жаннат пен жаһаннамды көргеннен кейін барып тәубе ете алса да қабыл етіледі.
Соңғы демде тәубенің қабыл болуы, тек осы үмметке ғана яғни Мұхаммед алейһиссаламның үмметіне ғана тән. Бірақ соңғы демде иман қабыл болмайды. Кейбір адамдар иман мен тәубені шатастыруда, иман қабыл болмайды деудің орнына, тәубе қабыл болмайды деген. Соңғы демде кәпірдің иманы қабыл болмаса да, күнәһар мүминнің тәубесі қабыл болады.