Денсаулық... Ұзақ өмір
Дүние жүзінде ең ұзақ өмір сүрген адамдардың қатарынан орын алып, 114 жыл өмір сүрген АҚШ-тық жазушы Бернанда Лапалло телеарнаға берген бір сұхбатында ұзақ өмір сүрудің сырымен бөліседі. «Аз қартай, ұзақ өмір сүр» атты кітаптың авторы Лапалло жылдар бойы ұстанған тамақтану жүйесінің арқасында 113 жаста болуына қарамастан өте жас көрінген екен. Елдің түрлі аймақтарын аралап салауатты өмір салты тақырыбында семинарлар өткізіп жүрген жазушы көбінесе органикалық жеміс және көкөністермен қоректенетінін және көп су ішіп және жүйелі түрде жаяу серуендейтінін айтты. Санасын сергек ұстау үшін тұрақты түрде кітап оқып, жұмбақ шешу секілді зейін жаттығуларына жоғары мән беретіндігін мәлімдеді. Лапалло жалпылама қалыпсыз жағдайларды есепке алмағанда күнде кешкісін 21:30-да жатып, таңертеңгісін 04:00-де тұратынын айтады. Міне Лапаллоның ұзақ өмір сүруінің рецепті: Зәйтүн, сарымсақ, бал, какао...
Күлімдейік... Суық шай
Қожанасыр бір күні шайханаға келіп «суық шай бар ма?» дейді. Шайханашы таңырқап қарап «жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы келіп «суық шай бар ма?» деп сұрайды. Шайханашы «жоқ әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп «суық шай бар ма?» дегенінде, шайханашы «бар, сізге арнайы дайындап қойдым» дейді. Сонда Қожекең «Онда ысытып әкел, шай ішейік» деген екен.