Күннің тарихы... Хазреті Әбу Бәкір
Хазреті Әбу Бәкір алғаш иман келтірген ер адам және мұсылмандардың алғашқы халифасы. Жәннатпен сүйіншіленген он адамның біріншісі. Пайғамбарлардан кейін адамзат ішінде ең ұлысы болып табылады. Барлық соғысқа қатысты. Аяттармен мадақталды. Ол Құран кәрімді алғаш рет кітап ретінде топтастырды. Хижраның 13 жылы, қазіргі жыл санауы бойынша 634 жылы жамазил-ахир айының 28-нде сейсенбі күні түнде 63 жасында қайтыс болды. Расулуллаһтың қасына жерленді. Аққұба өңді, көздері шүңіректеу, жылы жүзді, бетінде сақалы сирек болатын.
Хадис шәрифтерде былай делінді: «Әбу Бәкірдің иманы бүкіл адамзаттың иманының жиынтығынан да күшті». «Әбу Бәкір Сыддық - адамзаттың ең жоғарысы және ең жақсысы. Бірақ, ол пайғамбар емес». «Әр пайғамбардың жақын досы болады. Менің адал досым Әбу Бәкір». «Үмбетімнен лә илаһә иллаллаһ сөзін айтуды талап еткенім сияқты Әбу Бәкір мен Омарды жақсы көрулерін де талап етемін».
Сұхбат ...Аллаһу та’алаға хамд және шүкіршілік ету
Мадақ (хамд) – “барлық нығметтерді Аллаһу та’аланың жаратқанына және жібергеніне сену және айту” деген сөз. Шүкіршілік – “барлық нығметтерді Ислам дініне сай қолдану” дегенді білдіреді. Ниғмет – пайдалы нәрсе. Нығметтер әһли сүннет ғұламаларының кітаптарында жазулы.
Мұсылман адам қолымен харам нәрсені ұстамауы керек. Құлағымен харам нәрсені тыңдамауы, аяғымен харам жерге бармауы, аузына харам нәрсе алмауы, көзімен харам нәрсеге қарамауы, тілімен харам нәрсені айтпауы керек. Адамның дене мүшелері харам, яғни Аллаһтың тыйым салған нәрселерімен байланысын үзетін болса, адам мәңгілік бақытқа қауышады. Әйтпесе, ауыр жазаларға душар болады.