Untitled Document

Ғибрат... Себебін орында!

       Бір кісі хазреті Жафар Садыққа келіп:

- Тақсыр, Аллаһу та’ала маған көп ризық берсін, мал-мүлік берсін деп дұға етесіз бе, өйткені мен кедеймін,- дейді. Сонда хазрет:

- Жоқ, мен олай дұға ете алмаймын,- деп жауап береді.

- Неге?

- Өйткені Аллаһу та’ала мұның жолын көрсеткен. Себептерін орындаңдар, ризық табу жолында әрекет етіңдер деп те әмір еткен. Ал сен болсаң, үйіңде жатып алып, дұға ету арқылы ризығың алдыңа келуін қалаудасың. Аллаһу та’аланың илаһи әдетіне қайшы нәрсе істеуімді сұрап тұрсың. Бұл дұрыс болмайды. Сен себептерге жабыс, себептеріңнің әсер етуін Аллаһу та’аладан сұра. Сонда мен де саған дұға етемін...

      

Әдеп-ахлақ... Жерге түкіру

Ең үлкен жаман әдеттердің бірі көшеге, жолға түкіру. Бұл жиіркенішті әрекетті жастар үлкендерден көріп үйренуде. Ал үлкендер болса бұл әдеттерінен әрең бас тартуда. Мектепте үйретілетін, бүкіл әдеп-ахлаққа қатысты кітаптардың ең басында келетін бұл жаман әрекеттен ұзақ тұру керек. Мұсылман мәдениетті болуы керек, өзі, заттары және айналасы әр дайым таза болуы керек.