Сұхбат... Нұх топаны
Ыдырыс пайғамбардан кейін адамдар тура жолдан тайды. Пұттарға табына бастады. Хақ та’ала оларға Нұх алейһиссаламды жіберді. Ол кезде Нұх пайғамбар 50 жаста болатын. Қаншама жыл бойы оларды дінге шақырды. Тек балалары Сам, Хам, Яфес пен аз ғана адам иман келтірді. Көбісі құлақ аспады, мазақ етіп, жәбір көрсетті. Өз баласы Кенан (Ям) да иман келтірмеді. Сосын бетдұға (қарғыс) айтты.
500 жасында оған кеме жасау бұйырылды. Кеме біткен кезде жерді топан су басты. Мүміндермен бірге кемеге мінді. Кемеге мінгендердің сексен адам екендігі және кеменің үш қабат екендігі «Араисул межалис» кітабында жазылған. Әр жануардан бір жұптан алды. Баласы Кенанды да кемеге шақырғанда: «Мен тауға шығып, құтыламын»,- деді. Бір толқын келіп оны алып кетті. Нұх пайғамбардың кемесінің от жағып, қазанды қайнату арқылы қозғалғандығы Құран Кәрімде өткен. Нөсер жауындар жауа бастайды. Су таулардан да асып кетеді. Кемеге мінбеген адамдар мен аңдардың бәрі қырылады. 6 айдан кейін жаңбыр тоқтап, су тартылды. Кеменің Жуди (Арарат) тауының үстіне барып тоқтағаны туралы аңыздар бар. Еліміздегі аңыздар бойынша Қазығұрт тауына барып тоқтағандығы айтылады. Нұх пайғамбардың кемесінің топаннан құтқарылуы ашура күні болды. Нұх топаны Құран кәрімде Мүмін сүресінің 30-аятынан кейін түсіндіріледі.
Нұх пайғамбар екінші Адам деп аталды. Бұдан кейінгі адамдар Нұх пайғамбардың 3 баласынан тарады. Самнан араб, парсы және гректер, Хамнан Африка халқы, Яфестен азиялықтар мен түріктер тарады. Беринг бұғазынан Америкаға барып орналасқандар болды. Америка ашылғанда сол жерде болған жергілікті халық осы көштің нәтижесінде сонда барып орналасқандардың ұрпақтары болатын. Нұх пайғамбар 1000 жасында қайтыс болды.