Untitled Document

Жалғасы... Идеалдар және адам (2)

Ал потенциалымызды арттыру үрдісі қалай болмақ? Еңбектеген сәбиді мысалға алайық, біршама уақыт бір қалыпта еңбектеп, уақыты келгенде аяққа тұруды тәжірибе етіп, жүруді үйренеді. Міне осындай сәтте сәбидің мысалындай потенциалымызды арттырамыз. 0-100 дәрежедегі су сияқты, 100 дәрежеге жеткенімізде бұрқырап қайнаймыз. Атқарылатын әдіс қарапайым.

Еңбекқор боламыз. Оқимыз, оқыған сайын жазамыз. Аламыз, алған сайын сатамыз. Бірлік және ынтымақ пен әрекет етеміз. Аяғында сондай бір сәт келеді, он жыл бұрын 100 зиялысы бар аймақта мыңдаған зиялылар шығып потенциалды арттыру әрекетіміз, сәбидің жүруі, судың қайнауы секілді көрініс табады.

Адам тұрақты түрде дамуға, өзгеруге, ашық жаратылған болмыс. Жер беті адамның табиғатын жақсы білетін жаман ниетті империалисттерге толы. Идеалист болмастан жетістікке жете алған бірде-бір көзқарас, доктрина жоқ. Ал біздің білуіміз және орындауымыз қажет болған нәрсе идеалдарымызды ұлттық санада қалыптастыру және шетелдік азғындықтарға еліктемеу.

Жоғарыда атап өткеніміздей кім екенімізді, қайда, қашан және қандай ахуалда екенімізді біле отырып ұлттық және тарихи санада әрекет етуіміз қажет.

Біз кімбіз? Біз тамыры мұсылмандық және түркілікпен ұштасқан 21 ғасырдың жастарымыз. Мақсаттарымыз, кім екенімізге қарай пішін алады. Көпшілігіміз түп тамырынан ажыраған, бытыраңқы халдеміз. Сыртымыз жылтырағанымен, ішкі дүниеміз ұлттық руханиятымыздан ажырап, әр түрлі бұзық пікірлердің шырмауына түсіп, батыстың азғын әдеттерін сіңірген халде және уақыттамыз.

Не істеуіміз керек? Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста демекші, бәріміз жеке өзімізді білімді, еңбекқор, ұлттық саналы жеке тұлға ретінде жетілдіруіміз қажет. Мақаламызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен түйіндейік: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»