Сұхбат... Салауат айту
«Салат» - дұға деген сөз. Ал «салауат» дегеніміз «салат» сөзінің көпше түрі, «дұғалар» дегенді білдіреді.
Салауат қысқаша: “Аллаһуммә салли ала Мухаммәд уә ала али Мухаммәд” деп айту.
Пайғамбарымыздың аты аталғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм” деп қосып айтқан кісі пайғамбарымызға дұға еткен, яғни салауат оқыған болады.
Расулуллаһ алейһиссалам айтады: «Бір күні төрт үлкен періште келді. Жәбрейіл алейһиссалам: “Йа Расулаллаһ, саған күнде 10 салауат айтқан адамды қолынан ұстап, сырат көпірінен құстай жылдам өткіземін” деді. Микаил алейһиссалам: “Йа Расулаллаһ, Мен оған кәусар суынан тойдырып ішкіземін” деді. Исрафил алейһиссалам “Мен оның кешірімі үшін басымды сәждеге қоямын. Аллаһу та’ала оны кешірмейінше басымды сәждеден көтермеймін” деді. Әзрейіл алейһиссалам “Ал мен оның рухын пайғамбарлардікіндей жеңіл аламын” деді. Мен “Бұл не деген үлкен мейірім және неткен үлкен ихсан Йа Раббым!” дедім.»
Көргеніміздей Расулуллаһ алейһиссаламды еске алу, оған салауат айту өте маңызды ғибадат. Сондықтан, күнде аз болса да салауат айтып жүруді әдетке айналдыру керек. Жолда келе жатып, жұмысқа бара жатып, әр мүмкіндікте айтып жүруге тырысу керек. Пайғамбарымыздың есімі аталған кезде яғни оқығанда, жазғанда, естігенде ең алғашында бір рет салауат айту уәжіп, кейінгілерде айту мүстаһаб болады.
Кешегі жауап: 3 минутта