Untitled Document

Үй үшін... Практикалық мәліметтер

–  Пешке тауық салып пісіретін кезде бетіне себілетін дәмдеуіштерден ішіне салынады.

–  Саңырауқұлақ дәмді болуы үшін пісуінен бес минут алдын біраз тұз және лимон суы қосылады.

–  Пешке пісірілетін тауыққа 2 қасық айран, 1 қасық су қосылған қызанақ пастасы және аз ғана зәйтун майын араластырып жағылатын болса дәмдірек болады.

–  Пирог жасағанда пісерінде қамыры шөкпеуі үшін, пешке салмастан бұрын 20 минуттай қамырды қалыбында ұстау керек. 

–  Пісірілген көкөністер түстерін жоғалтпауы үшін оларға бір үзім қант немесе лимон суы қосылады.

–  Омлет табаға жабыспауы үшін алдымен табаны отта жақсылап қыздыру керек.

–  Кесіліп ашық ауада тұрып қалған пияз зиянды болады.

–  Қуырылған тауықты қайтадан жылыту үшін бөлшектеп сүзгіге қойып ішінде су қайнаған кастрөл бетіне қойып буымен ысытады.

–  Кивилер қатты және шикі болса, бір түнге алма және алмұрттармен бірге целлофанды пакетке салып қойылады.

–  Кекс қалыбының ішіне қамыр салмай тұрып астына қатты алюминді фольга қойылады. Піскеннен кейін оңай алынады.

–  Жаңа таба алғанда ішінде азғантай су қосылған сірке суын қайнату, алдағы уақытта түбіне жабысудың алдын алады.

–  Мұз қалыптарын сумен толтырмастан бұрын қалыптардың ішіне апельсин, лимон секілді жеміс бөлшектері қойылатын болса, декоративті мұз аласыз.

Зеректі жұмбағы... Алты мысық

3 Мысық 3 минутта 3 тышқан аулайтын болса, 6 мысық 6 тышқанды қанша уақытта аулайды? (Жауабы ертең...)