Жалғасы... Жынды мен сабыр (2)
Мен ашуланған жағдайда сен сөз қайтармастан, сабырлық танытып мәміле етесің. Өйткені мен ол кезде жынды боламын. Ақыл-есім орнына келгенге дейін сен сабырмен, ақылмен мәміле ет! Әрине бұл сабыр маған да тиісті. Кейде әйелімнің де ашуланған кезі болады. Бұл жолы сабырлық ету кезегі маған түседі. Менің әйелімнен шағымданбауымның, тіпті әйеліммен қарым-қатынасымыздың жақсы болуының себебі осы. Сендерге айтар кеңесім сендер де «жынды мен сабыр» әдісін қолданыңдар. Бірің ашуланып, жындының рөліне кіргенде, екіншің сабыр рөліне кіріңдер! Сонда ұрыс-керіс басталмай жатып тоқтайды. Ашу тарқағанда, артық кеткеніне өзі кешірім сұрайды, өзіне сөз қайтармай, сабырмен мәміле етуінен оған өзін қарыздар сезінеді, алғысы, мейірі артады. Осылайша бақытты тұрмысқа себеп болады.
Дұғалар...Жоғалған нәрсені табу үшін дұға
Жоғалған, ұрланған нәрсені табу үшін күнде жиырма бес рет: «Йа жами'аннаси лийәумин ла райбә фиһи инналлаһә ла йухлифул ми'ад ижма' бәйни уә бәйнә...» дұғасын оқу керек. Тапқанға дейін оқу керек. Дұғаның соңындағы көп нүктенің орнына жоғалған нәрсенің атын айту керек. (Ибн Абидин)
Тағы бір дұға: Бір нәрсесі жоғалған, ұрланған адам күнде екі рәкат намаз оқып, сәлемнен кейін "Аллаһуммә йа Хади уә йа Раддәд-далләти, әрдид аләййа далләти би-иззатикә уә султаникә фә-иннәһа мин фадликә уә атаикә" дұғасын оқуы керек. (Бостанул-арифин)
Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Риуаят бойынша Сахабалардан және Табииндерден бір топ адам бір нәрсе жоғалтқанда Духа сүресін оқып, жоғалтқан нәрселерін табатын».