Untitled Document

Ғибрат... Жынды мен сабыр (1)

Әбу Мүслим Хавлани хазреттері бір жиында отырғанында, еркектер өзара әйелдерінен шағым айтып жатады. Отырғандардың бірі: «Сізден үн шықпағанына қарағанда, әйеліңіз мінсіз шығар, мінезі жақсы шығар», - дейді. Әбу Мүслим басын шайқап: «жооқ, оның да өзіне тән, мінезі бар, тіпті кейде ашуланса, қып-қызыл долыға айналады»,- дейді. Жиындағылар: «Олай болса, қалай шыдап жүрсіз?»,-деп таңданады. «Мен әдісін жақсы білем»,- дейді хазрет. Отырғандардың бәрі: «Долы адаммен ұрыс-керіссіз өмір сүрудің әдісі қандай екен»,-деп сұрақтың астына алады. Хазреті Әбу Мүслім: «Аллаһу та’ала Адам пайғамбарды (алейһиссалам) топырақтан жаратқанда денеге алдымен ақылды берді. Ақылды адам болды. Кейін ашуды жаратты. Оған Адам алейһиссаламның денесіне кіруін әмір етті. Ашу: “Мен бұл денеге кіре алмаймын. Өйткені мұнда ақыл бар. Ақыл мен екеуміз бір жерде бола алмаймыз”,-деді. Аллаһу та’ала: “Сен сондада денеге кіруге тырыс. Ақыл сенің келгеніңді көргенде өзі-ақ денеден шығып кетеді. Оның орны саған қалады”-дейді. Демек, денені ашу басқарған жағдайда оны долыға, яғни қып-қызыл жындыға айналдырады. Біз әйелім екеуміз бір ауыздан мынаған келістік. Ақыры ашу келгенде, ақыл кетіп адам жындыға айналар екен, олай болса, үйде кім ашуланса, ол жынды деген сөз. Ал жындымен жынды болудың, салғыласудың пайдасы жоқ екені айтпаса да белгілі. (Жалғасы ертең...)